Редакция: +7 (701) 160 9439
Присоединяйтесь:

ЖЭО құрылысына байланысты сатып алу мәселесі бойынша «Самұрық-Қазына» жауап берді

ЖЭО құрылысына байланысты сатып алу мәселесі бойынша «Самұрық-Қазына» жауап берді

Фото: сайт sk.kz

Көкшетау мен Өскемен қалаларындағы жылу электр орталықтарын (ЖЭО) салу жобаларын құқықтық сүйемелдеуге байланысты жағдайға Самұрық-Қазына ресми түсініктеме берді.

Бұған дейін бұл жоба бойынша тендерді жеңіп алған заңгерлік компанияның серіктестерінің бірі қордың топ-менеджерлерінің бірінің жұбайы екені туралы ақпарат тараған болатын. Сондай-ақ келісімшарт құны шамамен 800 млн теңге деген дерек айтылған еді.

Алайда қор мәліметінше, келісімшарттың нақты сомасы ҚҚС-сыз 361,9 млн теңгені құрайды.

Қор өкілдері мүдделер қақтығысын реттеу саясатына сәйкес, жауапты қызметкер бұл жағдай туралы алдын ала хабарлағанын атап өтті. Ақпарат комплаенс қызметі тарапынан қаралып, тексеріс нәтижесінде ешқандай заңбұзушылық анықталмаған.

Қордың мәлімдеуінше, барлық рәсімдер қолданыстағы талаптарға сай жүргізілген.

Похожие материалы