Редакция: +7 (701) 160 9439
Присоединяйтесь:

Абай облысында тұрғындар өтініштерінің 85%-ы орындалған

Абай облысында тұрғындар өтініштерінің 85%-ы орындалған

Фото: gov.kz

Абай облысында тұрғындар өтініштерінің 85%-ы орындалған. Бұл туралы өңір әкімі Абай Берік Уәлидің халықпен кездесулері алдында жарияланды.

2026 жылдың II-IV тоқсаны аралығында облыс әкімі тұрғындармен есептік кездесулер өткізуді жоспарлап отыр. Өткен жылы Абай Берік Уәли облыстың барлық аудандары мен Семей қаласының тұрғындарымен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берген.

Әкімдік мәліметінше, халықты негізінен ТКШ, денсаулық сақтау, көлік, инфрақұрылым, тұрғын үй және жер пайдалану мәселелері толғандырады. Осы бағыттар бойынша көтерілген өтініштердің 85%-ы орындалғаны айтылды.

Алдағы кездесулерде тұрғындар бұрынғы мәселелердің орындалу барысын қайта көтеріп, жаңа ұсыныстарын жеткізе алады.

Похожие материалы