Редакция: +7 (701) 160 9439
Присоединяйтесь:

7 трлн теңге оқиғасындағы банктің атауы неге жарияланбайтыны түсіндірілді

7 трлн теңге оқиғасындағы банктің атауы неге жарияланбайтыны түсіндірілді
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жолданған сауалға жауап ретінде бірнеше банкке қатысты инспекциялық тексерулер жүргізілгенін растады. Реттеуші мәліметінше, кейбір банктер бойынша тексеру аяқталған, ал бірқатары бойынша әлі де жалғасып жатыр. Тексеру барысында белгілі бір заңбұзушылықтар расталған.

Сонымен бірге агенттік банк атаулары мен тексеру барысындағы нақты мәліметтер жария етілмейтінін атап өтті. Өйткені мұндай ақпарат заңнамаға сәйкес жария етуге жатпайды.

Тексеру қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға арналған қадағалау жоспарлары әзірленіп жатыр.

Еске салсақ, қаңтар айында Қазақстан банктерінің бірі арқылы өткен жылы көршілес елден 7 трлн теңгеден астам қаражат аударылғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Похожие материалы