Редакция: +7 (701) 160 9439
Присоединяйтесь:

БҚО-да әкімнің халықпен кездесулерінен кейін берілген тапсырмалардың орындалуы 15 пайызға да жетпейді

БҚО-да әкімнің халықпен кездесулерінен кейін берілген тапсырмалардың орындалуы 15 пайызға да жетпейді

Фото: gov.kz

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев 2025 жылы тұрғындармен өткізген есептік кездесулер қорытындысы бойынша 76 іс-шарадан тұратын жоспар бекітілген.

Алайда 2026 жылдың бірінші тоқсанына дейін соның небәрі 10 тармағы ғана орындалған. Бұл жалпы көлемнің 15 пайызға да жетпейді. Қалған 66 тапсырма әлі де орындалу үстінде. Олардың арасында халықты алаңдататын ең өзекті мәселелер — ауыз су, газбен қамту және жол инфрақұрылымы бар.

Өңір билігі тұрғындармен кері байланысты бірнеше арна арқылы жүргізіп отырғанын айтады. Атап айтқанда, азаматтардың өтініштері eOtinish.kz жүйесі, 109 бірыңғай байланыс қызметі және «Ашық әкімдік» алаңы арқылы қабылданады.

Соған қарамастан, халықпен кездесуде көтерілген мәселелердің басым бөлігі әлі күнге дейін нақты шешімін таппаған.

Редакция әкімдердің тұрғындар алдындағы есептік кездесулерінен кейінгі тапсырмалардың орындалу барысын саралайтын айдарын жалғастырады.

Похожие материалы