Аймақтың денсаулық сақтау басқармасы екі апта ішінде 190-нан астам бала ауырғанын айтты. Барлығы дерлік 14 жасқа толмаған.
"Оның ішінде 43 науқас – 1 жасқа дейінгі балалар, 42 жағдай – 1 жастағы балалар, 54 жағдай – 2-5 жастағы балалар", – деп хабарлады басқарма.
Бұл ретте науқастардың басым бөлігі Тараз қаласының кішкентай тұрғындары.
Дәрігерлер науқастардың 85% - ы вакцинацияланбағанын атап өтті.





