СҚО-да теміржолдағы қауіпті жағдай: станция кезекшісі мен пойыз диспетчері жауапқа тартылды
Фото: freepik
Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары бұған дейін Тимирязев ауданындағы Сулы станциясында пойыз келген кезде қолайсыз әрі қауіпті жағдай туындағанын айтып шағымданған. Пойыз екінші жолға келген сәтте, бірінші жолда жүк пойызы тұрғандықтан, жолаушылар вагондарға қауіпсіз өте алмаған.
Жауапты органдар пойыз қозғалысын ұйымдастыру және жолаушыларға қызмет көрсету мәселелері Қазақстан темір жолы компаниясының құрылымдық бөлімшелерінің құзыретіне кіретінін атап өтті. Компания өкілдері бұл жағдайдың бір реттік оқиға екенін мәлімдеді.
Аталған оқиғаға байланысты Сулы станциясының кезекшісі мен пойыз диспетчері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұл материал «Halyq запрос» айдары аясында жарияланып отыр. Ресми сауал 2026 жылғы 13 наурызда жолданып, 18 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының басшысы Асель Айтулова тарапынан жауап алынған.
Мәселенің шешілуіне жауапты тұлғалар:
– Талгат Алдыбергенов – «Қазақстан темір жолы» басқарма төрағасы
– Гауез Нурмухамбетов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі