Семей әкімдігі Halyq press редакциясына кейбір отбасылар әлі де тұратын Кожкомбинат көшесіндегі апатты үй жағдайына түсініктеме берді.
1973 жылы салынған үйде 19 пәтер. 2021 жылы апатты деп танылды. Ғимараттың тозуы 70% құрайды.
Кезекте тұрған және қажетті құжаттары бар тұрғындардың барлығы дерлік көшірілді.
Алайда екі отбасы бос және қауіпті үйде тұруды жалғастыруда. Шенеуніктер бір отбасының тек ордері бар екенін және сот арқылы меншік құқығын мойындауы керек екенін түсіндірді. Ал екінші тұрғын 5 жыл бойы мүлікті иеліктен шығаруға байланысты кезекке тұра алмаған.
Олар мемлекеттен жаңа тұрғын үйді қажетті құжаттарды рәсімдегеннен кейін ғана ала алады екен.





