Редакция: +7 (701) 160 9439
Присоединяйтесь:

Семей коммуналдық қызметі жеке үйлердің аулаларын су басу себебін атады

Семей коммуналдық қызметі жеке үйлердің аулаларын су басу себебін атады

Фото: freepik

Семей қаласының коммуналдық қызметі жеке тұрғын үйлердің ауласына еріген қар суының жиналуы жөнінде тұрғындардың өтініштеріне жауап берді.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мұндай жағдайдың тіркелгенін растады. Олардың айтуынша, ауа температурасының күрт ауытқуына байланысты арық жүйесінің кейбір учаскелері қатып қалған. Соның салдарынан бұлақ сулары өз арнасынан шығып, аулаларға жайылған.

Ал қала әкімдігінде мердігер ұйымдардың жұмысты толық көлемде атқармағаны, соның салдарынан арықтардың су өткізу қабілеті төмендегені айтылды. Қазіргі таңда олармен жасалған келісімшарт бұзылып жатыр, ал су басу мәселесі жойылуда делінген ресми жауапта.

Похожие материалы