Сұрауға жауап ретінде Қор тек еңбекақы төлеу деңгейі "квазимемлекеттік сектордағы орташа нарықтық көрсеткіштер мен жалақыдан аспайтынын"хабарлады. Нақты сандар аталмады.
Топта барлығы 250 мыңға жуық қызметкер бар. Орталық аппарат соңғы жылдары екі есеге қысқарды: 124 адамға дейін. Бұл ретте әкімшілік-басқару персоналын оңтайландыру жалғасуда.
Топ-менеджерлердің сыйақылары KPI-ге байланысты және директорлар кеңесі бекітеді. Қазір өткен жылғы көрсеткіштер бағалануда.
Бұған дейін Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына"қызметкерлерін қатаң түрде сынға алған болатын. Мемлекет басшысы ұлттық компанияларда жұмыс жүктелмеген және "ештеңе істемеуден жалыққан" менеджерлер тым көп екенін айтты.
Бұл ретте қорды үш жылға жуық басқарған Нұрлан Жақыпов декларацияға сәйкес 2022-2024 жылдары 805 млн теңге табыс тапты.
Біз "Halyq сұрау" айдарын жалғастырамыз. Қордың жауабының толық мәтінін қысқартусыз жариялаймыз.
Сұрау 2026 жылғы 12 ақпанда жіберілді. Жауап 2026 жылғы 17 ақпанда "Самұрық-Қазына" корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және қорғау жөніндегі басқарушы директоры Гибрат Ауғановтан алынды. Самұрық-Қазынадағы Қор басшысы Нұрлан Жақыпов қызметкерлердің жалақысы туралы нақты деректерді ашпады