Фото: irbistv
Павлодар қаласындағы балалар инфекциялық ауруханасының жағдайына ата-аналар шағымданды. Олардың айтуынша, түнгі уақытта палаталарда суық болып, терезелерден жел соғады.
Кішкентай науқастардың бірінің анасы палаталарда жылу жеткіліксіз екенін, мәселені уақытша шешу үшін ата-аналар өздері қолда бар құралдармен терезелерді оқшаулауға мәжбүр болғанын айтады. Соған қарамастан, бөлмелердің іші айтарлықтай жылынбаған. Балалар мен ата-аналарға екі-үш көрпемен жабынуға тура келеді, депжазады irbistv .
Бұл жағдайға қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, палаталардағы ауа температурасы 28 градусқа дейін жетеді. Шағымдар түскеннен кейін терезелердің саңылаулары қосымша жапсырылып, уақытша бекітілген.
Жауапты органдар терезелерді толық ауыстыру жұмыстары жаз мезгілінде жүргізілетінін хабарлады.





