Редакция: +7 (701) 160 9439
Присоединяйтесь:

Маңғыстау облысында жүргізушілер қауіпті жолға шағымданды

Маңғыстау облысында жүргізушілер қауіпті жолға шағымданды

Фото: Instagram/@zhanaozen_online

Zhanaozen_online паблигі Жаңаөзен - Кендірлі тас жолынан түсірілген бейнероликті жариялады. Хабарланғандай, 30 наурыз күні осы жолда шұңқырлардың салдарынан бір жүк көлігі тұрып қалып, тағы бір көліктің май табаны зақымданған.

Автор жаз мезгілінде бұл учаскеде көлік қозғалысы күшейетінін атап өтеді. Жолдың қазіргі жағдайы адамдардың өміріне және жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін жеткізген.

Жауапты тұлғалардан 21 шақырымнан 35 шақырымға дейінгі аралықтағы жол бөлігіне назар аударып, жөндеу жұмыстарын жүргізу сұралды.

Республикалық маңызы бар жолдарға жауапты органдар:

– Көлік министрлігі. Министр – Нұрлан Сауранбаев.

– Автомобиль жолдары комитеті. Төрағасы – Төлеген Абдуллин.

– "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ. Басқарма төрағасы – Дархан Иманашев.

Похожие материалы