Редакция: +7 (701) 160 9439
Присоединяйтесь:

Маңғыстау облысында жолаушылар автобусы аударылып, төрт адам қаза тапты

Маңғыстау облысында жолаушылар автобусы аударылып, төрт адам қаза тапты

Фото: freepik

Маңғыстау облысында түнгі уақытта жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады. Қайғылы оқиға салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы үш адам түрлі жарақат алған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Yutong маркалы жолаушылар автобусының жүргізушісі көлікті басқара алмай қалған. Автобуста 50 жолаушы болған, ол Ақтаудан Бейнеу бағытына бет алған.

Қазіргі таңда полиция оқиға бойынша тергеу жүргізіп, жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтауда.

Похожие материалы