Редакция: +7 (701) 160 9439
Присоединяйтесь:

ҚЖА Самұрық-Энерго тендері бойынша тергеу жүргізіп жатқан жоқ

ҚЖА Самұрық-Энерго тендері бойынша тергеу жүргізіп жатқан жоқ

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі бізге Самұрық-Энерго компаниясының шамамен 800 млн теңге сомасындағы тендеріне қатысты былай деп жауап берді.

«Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі сіздің сұрауыңызға жауап ретінде аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелмегенін хабарлайды», — делінген ресми жауапта.

Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық істі тіркеу үшін құқық бұзушылық белгілері бар жеткілікті деректер болуы қажет.

Бұған дейін қоғам белсендісі Динара Сатжан ЖЭО жобасын заңдық сүйемелдеуге қатысты тендерді тексеруге шақырған болатын.

Сондай-ақ, біз ықтимал мүдделер қақтығысына байланысты Самұрық-Қазына басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов атына ресми сауал жолдадық. Жауап күтілуде, алынғаннан кейін толық жариялаймыз.

Похожие материалы