Фото: Instagram/@radiobarmashka
Көкшетау тұрғыны әлеуметтік желіде коммуналдық қызмет өкілдері бірнеше ай бұрын ғана төселген асфальтты қазып тастағанын жазды.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бұл жұмыстардың жоспарлы болмағанын, апаттық жағдайға байланысты жүргізілгенін түсіндірді.
Ведомство өкілдері 2025 жылы Гагарин көшесінің Осипенко көшесінен Темірбеков көшесіне дейінгі аралығына асфальт төсеуге 102 млн теңге жұмсалғанын растады.
Аталған учаскедегі жолды қалпына келтіру жұмыстарын коммуналдық қызметтер жүргізеді. Алайда бұл жұмыс көктем-жаз мезгілінде атқарылады.
Сондай-ақ ведомство биыл қала жолдарының 31,6 мың шаршы метріне шұңқырларды жөндеу, ал 58,6 мың шаршы метріне тозған жабын қабатын қалпына келтіру жоспарланғанын хабарлады. Бұл мақсатқа 2026-2027 жылдары шамамен 880 млн теңге жұмсалмақ.
Біз «Halyq сұранысы» айдарын жалғастырамыз. Жауаптың толық мәтінін қысқартусыз жариялаймыз. Сұрау 2026 жылғы 27 ақпанда жолданған. Жауап 2026 жылғы 13 наурызда Көкшетау әкімдігі ТҮКШ бөлімінің басшысы Ерболат Серікпаевтан келіп түсті.
Жауапты мемлекеттік органдар:
Ақмола облысының әкімдігі. Өңір әкімі — Марат Ахметжанов.
Көкшетау қаласының әкімдігі. Қала әкімі — Ануар Күмпекеев.





