Редакция: +7 (701) 160 9439
Присоединяйтесь:

Қазақстанда жылу желілері ең тозған өңірлер белгілі болды

Қазақстанда жылу желілері ең тозған өңірлер белгілі болды

Фото: ҚР Президенті жанындағы ОКҚ

Қ
азақстанда жылу желілерінің тозу деңгейі ең жоғары өңірлер белгілі болды. Бұл туралы редакциямызға Энергетика министрлігі мәлімдеді.

Еліміздегі жылу желілерінің жалпы ұзындығы 13 486,8 шақырымды құрайды. Ал олардың орташа тозу деңгейі 49,95 пайызға жеткен.

Жылу желілері ең көп тозған өңірлер қатарында:

❗️Павлодар облысы78,2%
(облыс әкімі – Асаин Байханов)

❗️Солтүстік Қазақстан облысы64,6%
(облыс әкімі – Ғауез Нұрмұхамбетов)

❗️Шығыс Қазақстан облысы62%
(облыс әкімі – Нұрымбет Сақтағанов)

❗️Маңғыстау облысы62%
(облыс әкімі – Нұрдәулет Қилыбай)

❗️Қарағанды облысы60,3%
(облыс әкімі – Ермағанбет Бөлекпаев)

Ал ірі қалалардағы жағдай мынадай:

☑️Алматы53,9%
☑️Астана53,4%
☑️Шымкент37%

Жылу желілерінің тозуы ең төмен өңір – Батыс Қазақстан облысы.

Сонымен қатар, жылу желілерінің ең ұзын жүйесі Павлодар облысында1437,9 шақырым. Одан кейін Алматы облысы1409,8 шақырым, Қарағанды облысы1183,4 шақырым көрсеткішпен тұр.

Похожие материалы