Редакция: +7 (701) 160 9439
Присоединяйтесь:

Қазақстанда бір жарым жылда газ баллонының 10 жарылысы тіркелген – ТЖМ

Қазақстанда бір жарым жылда газ баллонының 10 жарылысы тіркелген – ТЖМ

Фото: gov.kz

Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) біздің сұрауымызға берген жауапта 2025 жылдан бері Қазақстанда тұрмыстық жәнебаллон газына байланысты 10 жарылыс (хлопок) тіркелгенін хабарлады. Оның ішінде 4 жағдай қоғамдық тамақтану орындарында болған.

Айта кетейік, 2025 жылы небәрі 1 ғана оқиға тіркелсе, ал 2026 жылдың алғашқы тоқсанында 3 жағдай бірден орын алған.

ТЖМ дерегінше, 2025 жылы Қарағанды облысының Шет ауданындағы Мойынты станциясындағы кафелердің бірінде газ баллоны жарылып, 11 адам зардап шегіп, 2 адам қаза тапқан.

2026 жылы болған 3 оқиға:

Түркістан облысы, Кентау қаласында көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан қоғамдық тамақтану орнында жарылыс болып, 2 адам жарақат алып, 1 адам қаза тапты.

Ақтөбе облысы, Хромтау ауданындағы жеке тұрған «Амира» фаст-фуд кафесінде жарылыс болып, 5 адам зардап шекті.

Ақмола облысы, Щучинск қаласында бес қабатты үйге жапсарлас салынған "Центр плова" кафесінде жарылыс болып, 20 адам жарақат алып, 7 адам қаза тапты.

ТЖМ мәліметінше, газ баллондарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталуын жергілікті атқарушы органдар бақылайды.

Сонымен қатар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторлар жергілікті органдармен бірлесіп, газбен жабдықтау нысандары мен қоғамдық тамақтану орындарында алдын алу шаралары ретінде тұрақты тексерулер жүргізіп келеді.

Алайда бұл шаралар жеткілікті ме — сұрақ ашық күйінде қалып отыр.

Бұл материал "Halyq сұрауы" айдары аясында жарияланды. Сұрау 2026 жылғы 3 наурызда жолданып, жауап 11 наурызда ТЖМ вице-министрі Ерболат Садырбаевтан алынған.

Жауапты мемлекеттік органдар:

  • Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі
  • Министр – Шыңғыс Аринов
  • Өртке қарсы қызмет комитеті
  • Төраға – Ерлан Төрегелдиев

Похожие материалы