Қазақстанда азаматтардың өтініш жолдауына болатын жаңа медиа – Halyq Press іске қосылды
Қазақстанда жаңа бұқаралық ақпарат құралы – Halyq Press өз жұмысын бастады. Ақпараттық агенттік қазақстандықтардың күнделікті өміріне қатысты тақырыптарды жариялайтын болады. Атап айтқанда, жолдар, мектептер, ауруханалар, су, жылу және басқа да әлеуметтік мәселелер қамтылады.
Медианың бас редакторы – Аймира Муксулова. Бұған дейін ол мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерінде және ірі басылымдарда журналист болып жұмыс істеген.
"Біз қазақстандықтардың күнделікті мәселелерін жариялаймыз. Содан кейін мемлекеттік органдарға сауалдар жіберіп, туындаған мәселелерді бірге шешеміз. Біз конструктивті журналистика мен ашық коммуникацияны қолдаймыз", – деп атап өтті жаңа басылымның жетекшісі.
Halyq press командасы қазірдің өзінде жұмыс істейді. Сілтемелер бойынша жазылыңыз:
Telegram-арна: https://t.me/halyqpress
Instagram: @halyqpresskz
Threads: @halyqpresskz
Сайт: https://halyqpress.kz
Егер сіз қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз немесе әділетсіздікке тап болсаңыз, ақпаратты, фото және видеоларды редакцияның анонимді боты арқылы жолдай аласыз: @halyqpress_bot





