Редакция: +7 (701) 160 9439
Присоединяйтесь:

Қарағанды әкімдігі "Британ кварталына" қатысты кезекті шуға қатысты түсініктеме берді

Қарағанды әкімдігі "Британ кварталына" қатысты кезекті шуға  қатысты түсініктеме берді

Фото: Instagram/@halyqpress 

Қарағанды тұрғыны бәз біреулердің Кіші Бұқпа өзенінің арнасы арқылы кәріз жүйесін сала бастағанын айтты. Оның айтуынша, "Британ кварталы" ТК жанында жұмыс жүргізуге тырысқан. Қала тұрғынының өтініші бойынша біз мемлекеттік органға ресми сауал жолдадық.

Қала әкімдігінде "Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі" ММ жұмысты атқарып жатқаны және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы бар екендігі туралы хабарланды. 

Алайда берілген жауапта сәйкессіздіктер бар. Онда экологтар жұмыстарды тоқтатқанын және ҚР министрлігімен келісілгеннен кейін ғана жалғасатыны айтылған. Бұл аумақ жеке меншік иесіне тиесілі емес.

Әкімдік су инспекциясының келісімінсіз мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын қалай ала алды?-деген сұрақ әлі ашық күйінде қалып отыр.

Похожие материалы