Редакция: +7 (701) 160 9439
Присоединяйтесь:

Экологтар Шымкенттегі күкірт иісіне қатысты тексеру жүргізді

Экологтар Шымкенттегі күкірт иісіне қатысты тексеру жүргізді

Фото: gov.kz

Шымкент қаласының тұрғындары күкірт иісіне байланысты видео жолдағаннан кейін, біз мемлекеттік органдарға ресми сауал жолдадық. Жауапты қала экология департаменті берді. Ондағылардың айтуынша, мамандар ауа сынамаларын алып, тексеру жүргізген, алайда зиянды заттардың шекті мөлшерден асып кеткені анықталмаған.


Сонымен қатар экологтар қалада жағымсыз иістің бар екенін растады. Қазіргі таңда оның шығу көзін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ведомство мәліметінше, 2025 жылдың қараша-желтоқсан айларында тұрғындардан осындай шағыммен 24 өтініш түскен.

Похожие материалы