Бурабай аудандық әкімдігі пәтерлердегі температура 26 градусқа дейін жететінін мәлімдеді
Фото: freepik
Редакциямыз «Halyq сұрауы» айдарын жалғастырады. Оқырман сауалына келген жауаптарды біз алған күйінде жариялаймыз.
Бурабай аудандық әкімдігі Бурабай кенті тұрғындарының пәтерлердің суықтығына қатысты шағымдарына түсініктеме берді.
Мемлекеттік органның мәліметінше, кенттегі жылумен қамтудың негізгі көзі – №2 қазандық. Ол «Жаңа Тұрмыс 2020» ЖШС-іне тиесілі. Әкімдіктің айтуынша, қыс басталғалы олардың атына бір ғана жазбаша шағым түскен. Ол кезде қазандықта жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Ведомство өздері жүргізген өлшеулерге сәйкес, тұрғындардың пәтерлеріндегі ауа температурасы 24–26°C аралығында болғанын хабарлады.
Әкімдікте қазір қазандық бекітілген температуралық кестеге сай қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын, сондай-ақ қазіргі уақытта жылу сапасына қатысты шағым түспегенін айтты.
Редакция сұрау салуды 2026 жылғы 4 ақпанда жолдаған. Жауап 2026 жылғы 12 ақпанда Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Бейбітжан Молдахановтан келген.
Жауапты мемлекеттік органдар: Ақмола облысының әкімдігі (әкім – Марат Ахметжанов), Бурабай ауданының әкімдігі (әкім – Арай Садыков).





