Редакция: +7 (701) 160 9439
Присоединяйтесь:

«Біз бақыт саламыз»: BI Group салған елордалық тұрғын үй кешенінің тұрғындары сапасыз құрылысқа шағымданды

«Біз бақыт саламыз»: BI Group салған елордалық тұрғын үй кешенінің тұрғындары сапасыз құрылысқа шағымданды

Фото: сайт bi.group

Астанада BI Group компаниясы салған тұрғын үй кешенінің тұрғындары ғимаратта көптеген ақаулар бар екенін айтып, шағым түсірді. 24KZ хабарлауынша, басқарушы компания бұл мәселелерді шешпей отыр.

Тұрғындардың айтуынша, үй 2022 жылы пайдалануға берілген. Алайда содан бері лифт жүйесінде жиі ақаулар орын алады: кейде жолаушыларды басқа қабатқа шығарып жібереді немесе мүлде тоқтап қалады.

Сондай-ақ тұрғындар балкон қабырғаларының қатты суық өткізуін, кәріз иісінің шығуын, төбеден су ағуын және лифт шахтасының суға толып қалуын айтып шағымдануда.

BI Clients Service басқарушы компаниясы аталған мәселелердің бар екенін жоққа шығармайды. Дегенмен, олардың айтуынша, бұл ақаулар жаппай емес, жекелеген сипатқа ие.

Алайда бастысы – осы «жекелеген» мәселелердің қауіпті жағдайға айналмауы. Себебі тұрғындардың айтуынша, автотұрақта шыққан өртті өз күштерімен сөндіруге мәжбүр болған. Өрт туралы ескерту жүйесі іске қосылмаған, ал өрт сөндіру шлангісінде су болмаған.

Похожие материалы