Редакция: +7 (701) 160 9439
Присоединяйтесь:

Ауыл шаруашылығы министрлігі сәбіз экспортына тыйым салуды шетелде рекордтық сұраныспен түсіндірді

Ауыл шаруашылығы министрлігі сәбіз экспортына тыйым салуды шетелде рекордтық сұраныспен түсіндірді
Фото: freepik
 
Қазақстанда сәбіз экспортына үш айлық тыйым салынды. Алайда, фермерлер бұл жағдайда өнім қоймаларда шіріп, өздері  шығынға ұшыраймыз, деп отыр.  Halyq press редакциясы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сауал жолдады.
Ведомство 2025 жылы еліміз бойынша 407,8 мың тонна сәбіз жиналғанын айтты. Бұл көлем  ішкі сұранысты қамту үшін де, экспорт үшін де жеткілікті екен. 
Жауапты ведомство  Қазақстан бір жыл ішінде шетелге шамамен 30 мың тонна сәбіз сататынын атап өтті. Негізгі сатып алушылар-Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан. Бірақ осы маусымда экспортқа 94 мың тонна көкөніс шығарылған. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен үш есе көп.
«Сәбіз экспортының жоғары деңгейіне байланысты ішкі нарық үшін қорлардың төмендеуіне және бағаның өсуіне әкелетін тәуекелдер бар», – деді АШМ.
Шенеуніктер желтоқсан айының соңында елдегі сәбіз қоры 182 мың тоннаны құрағанын және бұл көлем 2026 жылдың ерте егін жинағанға дейін ішкі сұранысты жабуы керек екенін хабарлады.

Похожие материалы