Атырау облысында газдан улану салдарынан үш адам көз жұмды. Atyrau Today жазуынша, қайғылы оқиға 28 желтоқсан күні күндіз Атырау қаласына қарасты Томарлы ауылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, табиғи газбен жұмыс істейтін жылыту пешін пайдалану ережелерінің бұзылуы себеп болған. Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, тиісті сараптамалар тағайындады.
Ал Шымкент қаласында сегіз адам көмірқышқыл газынан уланған. Otyrarмәліметінше, зардап шеккендердің денсаулығы дәрігерлердің бақылауында, жағдайлары қанағаттанарлық деп бағалануда. Алдын ала болжам бойынша, улануға түтін шығатын мұржаның қауіпсіздік талаптарына сай келмеуі себеп болған.





