Halyq Press редакциясының әкімдердің халықпен есептік кездесулеріне арналған айдарын уәде еткеніміздей жалғастырамыз.
Астана әкімдігі Жеңіс Қасымбектің 2026 жылға арналған кездесулер кестесі алдын ала ресми сайт пен әлеуметтік желілерде жарияланатынын хабарлады.
Әзірге шенеуніктер өткен кездесулердің қорытындысымен бөлісті. 2025 жылы әкім Жеңіс Қасымбек алты есептік кездесу өткізіп, оған мыңнан астам адам қатысқан. Барлығы 297 тұрғын 730 ұсыныс білдірген.
Тұрғындарды ең көп толғандыратын мәселелер:
* Абаттандыру және экология;
* Коммуналдық және инженерлік инфрақұрылым;
* Жол мәселесі;
* Жер және тұрғын үй мәселелері;
* Мектептер, медицина және спорт;
* Бизнесті қолдау.
Әкімдік өкілдері сұрақтардың бір бөлігі шешілгенін, қалғандары орындалу сатысында екенін мәлімдеді. Бақылау жұмыстары әкім орынбасарлары мен қалалық басқармаларға жүктелген.





