Редакция: +7 (701) 160 9439
Присоединяйтесь:

Астанада ауа райына байланысты әуе рейстері кешіктірілді

Астанада ауа райына байланысты әуе рейстері кешіктірілді

Қолайсыз ауа райына байланысты Астанада әуе рейстері кешіктіріліп жатыр. Әуежай әкімшілігінің хабарлауынша, барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдануда..

Қазіргі таңда 1 рейстің келуі тоқтатылып, 11 рейс кешіктірілген. Сондай-ақ 4 рейстің ұшуы уақытша кейінге қалдырылды. Кешігудің негізгі себебі – ауа райына байланысты ұшақтардың уақытында келмеуі.

Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖолдың» соңғы мәліметіне сәйкес, Ақмола облысында 11 автожол жабылды:

  • Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы (16–135 км, Астана – Астраханка);
  • Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы (16–200 км, Астана – Павлодар облысының шекарасы);
  • Астана – Қарағанды – Алматы (30–92 км, Жібек жолы БӨП – Қарағанды облысының шекарасы);
  • Астана – Қорғалжын (36–180 км, Ақмол ауылы – Қаражар ауылы);
  • Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау (35–51 км, Қабанбай батыр ауылы – Қарағанды облысының шекарасы);
  • Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы (18–232 км, Астана – Щучинск);
  • Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы (135–280 км, Астраханка – Атбасар);
  • Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы (232–304 км, Щучинск – Көкшетау);
  • Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы (304–341 км, Көкшетау – СҚО шекарасы);
  • Көкшетау – Рузаевка (0–61 км, Көкшетау – СҚО шекарасы);
  • Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық (2–50 км, Көкшетау – СҚО шекарасы).

Жүргізушілер мен жолаушыларға жолға шығар алдында ауа райы мен жол жағдайын алдын ала нақтылау ұсынылады.

Похожие материалы