Редакция: +7 (701) 160 9439
Присоединяйтесь:

Астана әкімдігі BI салған Sezim Qala ЖК-індегі мәселелерге жауап берді

Астана әкімдігі BI салған Sezim Qala ЖК-індегі мәселелерге жауап берді
Фото: 2GIS

Редакциямыз «Halyq сұрауы» айдарын жалғастырады. Оқырман сауалына келген жауаптарды біз алған күйінде жариялаймыз.

Астана қаласы әкімдігінің тұрғын үй басқармасы Тұран даңғылы, 55/11 мекенжайындағы ғимаратта алты жеделсаты бар екенін мәлімдеді. Лифттерге қызмет көрсететін ұйым – «Техснаб 2017» ЖШС. Ведомствоның айтуынша, жүргізілген тексеріс нәтижесі бойынша барлық жедлсаты штаттық режимде жұмыс істеп тұр, ал өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары сақталған.

Қала әкімдігінің сәулет басқармасының дерегінше, Sezim Qala ТК (10-кезек) үйі белгіленген тәртіппен пайдалануға беру рәсімінен өткен.

Сонымен бірге, тұрғын үй басқармасы инженерлік желілердің, жеделсаты жабдықтарының қазіргі жай-күйі және үйдің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы өздерінде өзекті ақпарат жоқ екенін атап өтті. Ал тұрғындар шағымында дәл осы мәселелер көтерілген.

Жауапта жеделсатылар ортақ мүлік саналатыны және олардың күтімі мен ұстауына меншік иелері қатысуы тиіс екені де көрсетілген.

Қабылдап алу бойынша жауапты мемлекеттік органдар: Астана қаласы әкімдігі, тұрғын үй басқармасы, сәулет басқармасы. Қала әкімі – Жеңіс Қасымбек.

Құрылыс салушы: BI Group. Компания басшысы: Айдын Рахымбаев.

Редакция сұрау салуды 2026 жылғы 27 қаңтарда жолдаған. Жауап 2026 жылғы 3 ақпанда тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Маликтен келген

Похожие материалы