Фото: freepik
Ақтөбе облысында 47 жастағы әйел ұсталды. Ол жалған сақтандыру полистерін, медициналық анықтамаларды және курстардан өткені туралы куәліктерді сатумен айналысқан.
Диапазон басылымыныңжазуынша, әйел жалған құжаттарды мемлекеттік қызметкерлердің көз алдында, арнайы ХҚКО аумағында өткізген. Алайда заңсыз «бизнестің» жолын ҰҚҚК қызметкерлері кесті.
Тексеру барысында полицейлер оның көлігінің жүксалғышынан нотариустардың мөр таңбалары басылған, толтырылмаған бланкілер мен басқа да жалған құжаттарды тапқан.
Ұсталған әйелдің көмегімен қанша адал емес жүргізуші жүргізуші куәлігін алу кезінде мемлекеттік органдарды алдағаны әзірге белгісіз.





