Редакция: +7 (701) 160 9439
Присоединяйтесь:

Яна Легкодимованы өлтірді деген күдіктілер өмір бойына сотталды

Яна Легкодимованы өлтірді деген күдіктілер өмір бойына сотталды
Атырау соты 24 жастағы Ризуан Хайыржанов пен 25 жастағы Алтынбек Катимовты кінәлі деп таныды. 

Олар «алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған кісі өлтіру»  және  «алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бөтеннің мүлкін қасақана жою» қылмыстық баптары бойынша жауапқа тартылып, сотталды. 

Сотталушылар  өз кінәсін мойындады. Дәлел ретінде тергеу Хаиржанов пен Катимов арасындағы хабарламаларды ұсынды. Онда олар кісі өлтіру жоспарын талқылаған. 

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 18 қазанында 23 жастағы Яна Легкодимова үйінен  кездесуге шығып, қайтып оралмады.

Айыптау бойынша, Янаны көлікте тұншықтырып өлтіріп, мәйітті  Жайық өзеніне лақтырған. Оның денесі сегіз айдан кейін табылды.

Похожие материалы