Редакция: +7 (701) 160 9439
Присоединяйтесь:

Алматылықтар балалар алаңының жағдайына шағымданды

Алматылықтар балалар алаңының жағдайына шағымданды

фото: steppark kz 

Алматылықтар балалар алаңының жағдайына шағымданды. badnewskz арнасында жарияланған бейнежазбада Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің маңындағы балалар алаңы мен жалпы демалыс аймағында қоқыс шашылып жатқаны көрсетілген.

Демалыс орнында бос бөтелкелер, пакеттер мен қаптамалар жатыр. Әткеншек сынған. Алаңның жалпы күйі де көңіл көншітпейді. Балаларға қауіпсіз жабынның орнына барлық ойын жабдықтары тікелей бетонның үстіне орнатылған.

Ең таңқаларлығы – бейнекадрларға қарағанда, мұндай көрініс жаңадан салынған тұрғын үй кешенінде байқалады. Қызығы, бұл алаң тұрғын үй кешенінің жарнамалық буклетінде қалай көрсетілген екен? Егер онда шынайы фото орналастырылса, бір пәтер болса да сатылар ма еді?

Жауапты мемлекеттік орган: Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы. Басқарма басшысы: Мирас Гайсин.

Саланы қадағалайды: Алматы қаласы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев.

Похожие материалы