Регионы
Алматы облысының аудандық әкімдігі 2026жылы Боралдайдағы әлеуметтік нысандарды жөндеуге уәде берді
Осыған байланысты Іле ауданының әкімдігі тұрғындардың өтінішіне жауап берді. Олардың айтуынша, ауылдағы су құбыры мен кәріз жүйесін жөндеу жұмыстары екі жылдан бері жүріп жатыр. Бұл жұмысқа үш жылға 2,4 млрд теңге бөлінген.
Құбырлар жолдың үстімен тартылғандықтан, жөндеу ұзаққа созылған. Енді жолдағы асфальтты қайта қалпына келтіру керек. Жобаны түзету жұмыстары 2026 жылдың сәуір айының соңына дейін аяқталады деп уәде берді.
Әкімдік тағы 16 көшеге жарық шамдары орнатылатынын айтты. Сонымен қатар, қуаты 63 МВт болатын жаңа электр қосалқы станция салуға арналған смета дайындалған.
Шенеуніктер ауылда 5 балалар алаңы, 2 спорт алаңы және 1 шағын футбол алаңын жөндеу қажет екенін де мойындады. Биыл бұл жұмыстарды жасап бітіреміз деп сендірді.
Ал автобустарға қатысты нақты жауап бере алмады. Себебі, олар облыстық әкімдікке емес, Алматы қаласының Қалалық мобильділік басқармасының қарамағында екен.





