Фото: Instagram/@911.aktau
Естеріңізде болса, Ақтау тұрғындары 20-шағынауданның бір бөлігіндегі жолдың жағдайын көрсеткен еді. Қала әкімдігінде «Halyq» сауалына жауап беріп, аталған аумақта қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, 20-шағынауданда алдымен инженерлік желілер тартылып, содан кейін ғана аумақты абаттандыру жұмыстары, оның ішінде жол төсеу басталады. Бүгінгі күні жер қазу жұмыстары толық аяқталғаны айтылды.
Барлық жұмыстарды 2026 жылдың үшінші тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.





