Редакция: +7 (701) 160 9439
Присоединяйтесь:

Ақтауда жаңа тұрғын үй кешенінің тұрғындары жылусыз қалды

Ақтауда жаңа тұрғын үй кешенінің тұрғындары жылусыз қалды

Фото: freepik

Ақтаудағы 12-шағын ауданда орналасқан Aktau Towers жаңа тұрғын үй кешеніне тұрғындар көгіп жатыр. Бірақ, ғимарат әлі күнге дейін жылу жүйесіне қосылмаған. Lada басылымыныңхабарлауынша, қазіргі таңда кешенде 40–50 пәтерге тұрғындар қоныстанған. Ал тағы 100–150 пәтер иесі суықтың салдарынан жөндеу жұмыстарын бастай алмай отыр.

Тұрғындардың айтуынша, барлық қажетті құжаттар рәсімделіп, ішкі инженерлік желілер толық аяқталған. Соған қарамастан, үйдің не себепті жылуға қосылмағаны оларға беймәлім.

Ал құрылыс компаниясы коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелермен тиісті келісімшарттар жасалғанын мәлімдеген. Алайда «Каспий жылу, су арнасы» МКК өкілдері аталған құрылыс компаниясынан жылуға қосу бойынша ешқандай өтінім түспегенін хабарлады.

Қазіргі таңда мәселе ашық күйінде қалып отыр. Ал тұрғындар жылу беруді жеделдетуді талап етуде.

Похожие материалы