Редакция: +7 (701) 160 9439
Присоединяйтесь:

Ақтауда тұрғындар жаңа баспанадағы көгеру мәселесін шешуді талап етті

Ақтауда тұрғындар жаңа баспанадағы көгеру мәселесін шешуді талап етті

Фото: Lada.kz сайтынан.

Ақтаудағы 3-шағынауданда орналасқан №92 үйдің тұрғындары қоныстанғандарына екі жылдан асса да, мердігер компания үйді әлі күнге дейін талапқа сай қалыпқа келтірмегенін айтып отыр. Олардың сөзінше, ғимаратта көптеген мәселе бар, соның ең бастысы — көгеру, деп жазады Lada.kz.

Әңгіме «Әділет» тұрғын үй кешені туралы болып отыр. Үйдің құрылыс салушысы — KazTolMar Company компаниясы. Тұрғындар көгерумен күресіп әлек, алайда ол қайта-қайта пайда болады. Айтуларынша, ылғал қабырғаларды ғана емес, тіпті жиһаздарды да жайлаған.

Сондай-ақ тұрғындардың айтуынша, құрылыс салушы аула аумағын да абаттандырмаған: балалар алаңы жоқ, қоқыс контейнерлері мен қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған алаң қарастырылмаған, орындықтар орнатылмаған, ал төселуі тиіс брусчатка әлі күнге дейін салынбаған.

Тұрғындар қауіпсіз әрі қалыпты өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету үшін биліктен нақты шешімдер күтетінін мәлімдеді. Ақтау қаласының әкімі — Әбілқайыр Байпақов, ал сәулет саласына жетекшілік ететін әкім орынбасары — Ерлан Саркенов. Маңғыстау облысының әкімі — Нұрдәулет Қилыбай.

Похожие материалы