Редакция: +7 (701) 160 9439
Присоединяйтесь:

Ақтауда тұрғын отырғызған бақ жойылды

Ақтауда тұрғын отырғызған бақ жойылды

Ақтау қаласының 4-шағынауданында белгісіз адамдар шамамен 40-қа жуық жетілген ағашты аяусыз зақымдап, оларды қақ ортасынан кесіп тастаған, деп жазады «Лада» басылымы.

Бұл аула — жергілікті тұрғынның көпжылдық еңбегінің нәтижесі. Ол өз қаражатына шамамен 200 ағаш пен 3000-нан астам бұта отырғызған.

Тұрғындар бұл жағдайды вандализм деп бағалап, кінәлілерді табуды талап етуде. Ал әкімдік өкілдері тексеріс жүргізіліп, құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.

Ең өкініштісі — бұл оқиға Президент бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы аясында орын алып отыр.

Әлбетте, қала әкімі Әбілқайыр Байпақов пен облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай бұл жағдайды бақылауға алуы тиіс.

Похожие материалы