Фото: istock photos
17 желтоқсан күні таңертең Air Astana әуе компаниясының Алматы – Астана бағыты бойынша ұшып бара жатқан КС-851 жолаушылар рейсі бортта түтіннің пайда болуына байланысты MAYDAY апаттық сигналын жариялады.
Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Airbus A321N ұшағы сағат 7:40-та Алматы әуежайына сәтті қонған. Оқиға орнына дереу әуежайдың өртке қарсы қызметі жұмылдырылды.
Қазіргі таңда оқиғаның себептері мен мән-жайын Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті анықтап жатыр