Редакция: +7 (701) 160 9439
Присоединяйтесь:

2026 жылдан бастап жеке куәлік тегін беріледі

2026 жылдан бастап жеке куәлік тегін беріледі

Фото:informburo.kz

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан азаматтары жеке куәлікті алғаш рет алу немесе оның қолдану мерзімі аяқталған жағдайда тегін рәсімдей алады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, жаңа тәртіп құжат алу процесін жеңілдетіп, азаматтардың қаржылық шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар паспорт рәсімдеу тәртібіне де өзгерістер енгізілді. Енді Қазақстан паспорты шетелде де беріледі. Құжатты рәсімдеу кезінде жасанды интеллект технологиясы қолданылып, фотосуреттің сапасы мен адамның бет-бейнесінің «тірі» екендігі тексеріледі. Бұл фотошоп немесе басқа да өңдеу құралдарының пайдаланылмауын анықтауға бағытталған.

Аталған цифрлық жоба қазіргі уақытта пилоттық режимде іске асырылып жатыр.

Похожие материалы