19 млрд теңге: Алматыда Қайыңды көлі мен Көшпенділер қаласына апаратын трассалар жөнделеді – Halyq Press эксклюзиві
Фото: gov.kz
Бүгін біз Алматы облысының әкімдігінен жолдардың жағдайы туралы сұрадық. Берілген жауапқа сәйкес, биыл жол жөндеуге 19 млрд теңге жұмсау жоспарланып отыр. Қаражат жолдарды жөндеуге де, күтіп ұстауға да бағытталады. Басымдық туристік нысандарға апаратын жолдарға беріледі, соның ішінде Қайыңды көлі мен Көшпенділер қаласына баратын бағыттар бар.
Жол жөндеу маусымы мемлекеттік сатып алу рәсімдері аяқталғаннан кейін басталады. Қазіргі уақытта конкурстар өтінім қабылдау кезеңінде, алдын ала қорытындылар 15 мамырға дейін шығарылады.
Жұмыстардың сапасы бес деңгейлі бақылау жүйесі арқылы қадағаланады. Оның ішінде техникалық қадағалау, авторлық қадағалау және Жол активтері сапасының ұлттық орталығының филиалы бар. 2025 жылдың қорытындысы бойынша мердігерлерге 7,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.
Жалпы алғанда, ұзындығы 732,2 км болатын көше-жол желісінде 200 жоба жөнделеді.
🔹 Соның ішінде:
- 3 жоба – күрделі жөндеу (7,2 км)
- 13 жоба – орташа жөндеу (91,6 км)
- ағымдағы (шұңқырларды жөндеу) – 110 мың м²





