Редакция: +7 (701) 160 9439
Присоединяйтесь:

Жүргізушілерге айыппұл төлеу кезінде жеңілдік жойыла ма? ІІМ жауабы

Жүргізушілерге айыппұл төлеу кезінде жеңілдік жойыла ма? ІІМ жауабы
Енді айыппұлды жеті күн ішінде 50% жеңілдікпен төлеуге болады. ІІМ вице-министрі Игорь Лепеха брифинг барысында жол ережесін бұзудың белгілі бір шегін белгілеу мүмкіндігі талқыланып жатқанын айтты.

«Жыл ішінде 50 айыппұл төлейтін адамдар бар. Бірақ бұл – 50 құқық бұзушылық, кейде одан да көп. Белгілі бір мөлшерден кейін қандай да бір шектеу болуы керек», – деді вице-министр.

Алайда құқық бұзушылықтардың нақты саны мен олардың тізбесі әзірге анықталған жоқ.

Похожие материалы