Шағын бизнесті қолдау жоспары орындалмаса да, «Даму» қоры басшылығының жалақысы 30 пайыздан астам өскен
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорында шағын бизнесті қамту жоспары толық орындалмағанымен, топ-менеджерлердің жалақысы мен сыйлықақылары 30 пайыздан астам өскен. Бұл туралы Қордың басқарма төрағасы Фархат Сәрсекеев жеткізді.
Мәліметке сәйкес, Қор шағын бизнесті қамту көрсеткішін жоспарланған 1,77 пайыздың орнына 1,39 пайыз деңгейінде орындаған. Осыған қарамастан, басшылықтың еңбекақысы мен сыйлықақылары айтарлықтай артқан.
Фархат Сәрсекеевтің айтуынша, өткен жылы Қор жалпы сомасы 2,2 трлн теңгеге 13 мың жобаны қолдаған. Сонымен қатар «Өрлеу» және «Іскер аймақ» бағдарламалары іске қосылып, Қазақстанның даму банкі, KazakhExport және басқа да даму институттарының қолдау құралдарын біріктіретін Бірыңғай фронт-офис құрылған.
Қор басшысы еңбекақының өсуін жұмыстың жалпы нәтижелерімен және проблемалық несиелер деңгейінің төмен болуымен байланыстырды.
Алайда негізгі сұрақ ашық қалып отыр. Шағын бизнесті қамту бойынша жоспар орындалмаған жағдайда, Қор басшылығының жалақысы мен сыйлықақылары қандай нақты көрсеткіштер негізінде 30 пайыздан астам өсті?
Похожие материалы
Топ категории
Черная полоса в КазНУ? Две смерти студентов за 10 дней
- 16 ноября, 2026
Быть папой – это миссия: что обсудили на форуме отцов в Астане
- 14 ноября, 2026
Жители Петропавловска остались без обочины
- 09 ноября, 2026
Состояние отделения Казпочты возмутило жителей Кокшетау
- 05 ноября, 2026
Сколько товаров могут перевезти казахстанцы через границу
- 05 ноября, 2026





