Цифрлық экономика мемлекеттің қатысуымен дамитын сала ғана емес, әр азаматтың мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған нақты құралға айналуы керек. Президент жолдауына пікір білдірген саясаттанушы Айдар Әмребаев осылай дейді.
Сарапшының айтуынша, халықты цифрлық экономикаға тартуға басымдық берудің маңызы зор. Бүгінде көбіне бос уақытты өткізу үшін пайдаланылатын замандық технологиялар жұмыс іздеудің, жеке бизнесті дамытып, қосымша табыс табудың тиімді құралына айнала алады.
«Бұл – әсіресе жастар үшін жаңа мүмкіндікке жол ашатын өте маңызды үндеу. Қазір цифрлық технологиялардың көмегімен жақсы табыс тауып, өз идеясын жүзеге асырып, жеке жобасын дамытуға болады», – деп толықтырды сөзін Айдар Әмребаев.
Сарапшы жолдауда белгіленген басым бағыттар цифрлық экономиканы одан әрі дамытып, азаматтардың жаңа технологиялық үдеріске қатысу аясын кеңейтуге қосымша мүмкінді беретінін айтты.
Похожие материалы
Топ категории
Черная полоса в КазНУ? Две смерти студентов за 10 дней
- 16 ноября, 2026
Быть папой – это миссия: что обсудили на форуме отцов в Астане
- 14 ноября, 2026
Жители Петропавловска остались без обочины
- 09 ноября, 2026