Халықаралық инвестициялық банктер «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының акцияларын қор нарығына шығаруды 2027 жылға ауыстыруды ұсынды. Бұған әлемдік қаржы нарығындағы жағдайдың нашарлауы себеп болған.
«Самұрық-Қазына» қорының мәліметінше, компанияның акцияларын бастапқы орналастыруға (IPO) дайындық жұмыстары іс жүзінде аяқталған.
«Қазақстан темір жолы» өз акцияларын үш қор биржасына шығаруды жоспарлап отыр. Олардың қатарында Лондон мен Гонконг биржалары бар. 5 қарашада ұлттық компания Гонконг қор биржасының листингтік комиссиясының тыңдауынан сәтті өткен.
Алайда халықаралық инвестициялық банктер әлемдік қаржы нарығындағы ахуалды ескере отырып, акцияларды орналастыру мерзімін кейінге шегеруді ұсынған. IPO-ны 2027 жылға ауыстыру туралы түпкілікті шешім қабылданғаны әзірге хабарланған жоқ.
Бұған дейін Астанада «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшыларының ұсталғаны туралы ақпарат тараған. Ал 25 қарашада «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының басқарма мүшесі Қуаныш Омарбековтің ұсталғаны белгілі болды.
Тэги:
Похожие материалы
Топ категории
IPO КТЖ могут перенести на 2027 год?
- 25 ноября, 2026
Черная полоса в КазНУ? Две смерти студентов за 10 дней
- 16 ноября, 2026
Быть папой – это миссия: что обсудили на форуме отцов в Астане
- 14 ноября, 2026





