Редакция: +7 (701) 160 9439
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы пойызбен сапар шетелдік тревел-блогердің есіне Үндістанды түсірді

Қазақстандағы пойызбен  сапар шетелдік тревел-блогердің есіне Үндістанды түсірді

Шетелдік турист өзінің jungle_story парақшасында Қазақстанның оңтүстігі мен батысы арқылы пойызбен жасаған сапары туралы бейнеролик жариялады.

Ол видеода еліміздің әсем табиғатын, ұлттық тағамдарын ғана емес, көңілге қаяу түсіретін көріністерді де көрсетті. Атап айтқанда, вагондардан ағып жатқан лас суды, теміржол бойындағы қоқыстарды және сапардың басқа да жағымсыз тұстарын түсірген.

Блогер бұл сапардың өзіне Үндістанды еске түсіргенін айтты.

Мұны жақсы мақтау деп қабылдау қиын. Қалай ойлайсыздар, бұл пікір «Қазақстан темір жолы» компаниясына бағытталған сын емес пе?

Еске сала кетейік, 2026 жылдың шілде айынан бастап «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын Елжас Отыншиев басқарады.

Похожие материалы