Редакция: +7 (701) 160 9439
Присоединяйтесь:

Жұмыстағы харассмент үшін қызметкер жұмыстан шығарылуы мүмкін

Жұмыстағы харассмент үшін қызметкер жұмыстан шығарылуы мүмкін

Фото: ЖИ

Қазақстанда еңбек заңнамасына «харассмент» ұғымын енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде хабарлады.

Министрлік мәліметінше, тиісті заң жобасы әзірленген. Құжатта жұмыс орнындағы харассмент алғаш рет нақты ұғым ретінде қарастырылмақ. Ол қызметкер үшін қорлайтын, дұшпандық немесе кемсітетін жағдай туғызатын жыныстық сипаттағы физикалық, ауызша немесе вербалды емес әрекеттерді білдіреді.

Сонымен қатар, жұмыс берушілерге мұндай жағдайлардың алдын алу бойынша міндет жүктеу ұсынылып отыр. Яғни, ұйымдар қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етіп қана қоймай, ұжым ішіндегі әдепсіз әрекеттердің алдын алуға да жауапты болады.

Тағы бір маңызды өзгеріс — харассмент фактісі расталған жағдайда жұмыс беруші өз бастамасымен кінәлі қызметкермен еңбек шартын бұза алады. Бұл норма жұмыс орнындағы қысым мен әлімжеттікке қарсы нақты тетік ретінде ұсынылып отыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ерсаев кейінірек харассмент жағдайлары қай ұйымдар мен салаларда жиі тіркелетіні туралы қосымша ақпарат берілетінін айтты.

Похожие материалы