Редакция: +7 (701) 160 9439
Присоединяйтесь:

Танымал тұлғалар қазақстандықтарды 23 тамыздағы Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Танымал тұлғалар қазақстандықтарды 23 тамыздағы Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Қазақстанның өнер және спорт саласының белгілі өкілдері 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды. Әлеуметтік желіде жариялаған бейнеүндеулерінде олар ел болашағына қатысты шешім қабылдауда әр азаматтың дауысы маңызды екенін айтып, сайлаудан тыс қалмауды өтінді.

Қарагөз Сүлейменова: «Өз мемлекетімізді өзіміз қалыптастыруымыз керек»

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қарагөз Сүлейменова елімізде саяси өзгерістер кезеңі жүріп жатқанын айтып, алдағы сайлаудың маңыздылығына тоқталды. Оның сөзінше, азаматтар Құрылтай құрамына лайықты деп санаған кандидаттар мен партияларға өз таңдауын жасауы керек. Өйткені, 23 тамызда Құрылтайға елге қызмет ететін азаматтарды сайлаймыз. Қай партияны таңдау – әр адамның өз еркі. Өзі «Әділет» партиясының мүшесі болғандықтан, өз таңдауын осы партияның пайдасына жасайтынын жасырмады.

Ол партияның жастарға арналған жобаларына, жер мәселесіне, руханият пен IT саласына қатысты бастамаларына назар аударды. Өнер қайраткері «Әділет» партиясының қоғамдағы бірқатар өзекті мәселелерді шешуге бағытталған жұмыстарын атап өтті.

«Бұл талай қомақты дүниелерді жүзеге асырып жатқан партия. Соның ішінде жастарға арналған бағдарламалар, содан кейін талай келеңсіздікті, әділетсіздікті жоюға тырысқан, талай жерді қайтарға партия. «Жер аманаты» болсын, мейлі руханиятымызға, IT технологияға, жастар саясатына байланысты болсын, талай бағдарлама жүзеге асырылды», – деді ол.

Тарихи сәт келеді – Азамат Сатыбалды

Театр және кино актері Азамат Сатыбалды 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын маңызды тарихи кезең ретінде бағалап, азаматтарды өз таңдауын жасауға шақырды.

«Жақында тарихи сәт келеді. Ол 23 тамыз – Құрылтай сайлауы. Әрқайсыңыз өзіңізге ұнаған партияларыңызға дауыс беріңіздер. Қалыс қалмаңыздар. Өйткені, дауыс беру арқылы біз Қазақстанның болашағын айқындаймыз», – деді ол.

Актер өзі «Әділет» партиясын қолдайтынын айтып, оның сайлауалды бағдарламасымен танысқанын жеткізді. Әсіресе өнер саласына және жас шығармашылық өкілдеріне қатысты ұсыныстарды атап өтті. Оны әсіресе, жас өнерпаздарға қолдау көрсету мәселесінің қамтылғаны қуантқан. Сондықтан өзі «Әділет» партиясына дауыс бермек.  

Әлия Жүсіпова: «Бұқаралық спортты дамыту маңызды»

Спортшы, белгілі гимнастика шебері, Олимпиада ойындарының қатысушысы Әлия Жүсіпова сайлауалды бағдарламада қоғам үшін маңызды бірнеше бағытқа басымдық берілгенін атап өткен. Оның ішінде білім, мәдениет және әлеуметтік мәселелермен бірге спорт саласына да ерекше көңіл бөлінген.

Спортшы бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызын айтып, азаматтарды сайлауға қатысуға үндеді.

«Баршаңызды салауатты өмір салтын қалыптастыруға, бұқаралық спортпен шұғылдана отырып, алдағы 23 тамыз күні өтетін сайлауға қатысып, Әділет партиясын қолдауға шақырамын!», – деді ол.

Қобыланды Болат: «Өз таңдауымызды жасауымыз керек»

Театр және кино актері, әнші Қобыланды Болат та 23 тамыздағы сайлауға қатысуға шақырып, «Әділет» партиясын қолдайтынын айтты.

«Мен «Әділет» партиясын қолдаймын. Баршаңызды да сайлауға қатысып, өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», – деді Қобыланды Болат.

Танымал тұлғалар азаматтардың сайлауға белсенді қатысуы елдің болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі екенін атап өтті. Олар қазақстандықтарды 23 тамызда дауыс беріп, өз азаматтық ұстанымын білдіруге шақырды.

Айта кетейік, саяси партиялар 22 тамызға дейін үгіт-насихат шараларын белсенді жүргізді. Ал сайлау алдында бір күн – 22 тамыз тыныштық күні. 23 тамыз күні ел азаматтары саяси бәсекеге түскен 7 партияға дауыс береді.

Дайындаған:

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.

«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Похожие материалы