Шымкенттегі «сарайға ұқсайтын» мектеп: әкімдік ғимарат балаларды қабылдауға дайын деп есептейді
Қала орталығындағы №40 мектептің жағдайы көрсетілген кадрлар жарияланғаннан кейін редакциямыз қалалық білім басқармасына ресми сауал жолдады.
Ведомствоның мәліметінше, мектеп қазіргі уақытта жұмыс істеп тұр, өз мақсатына сай пайдаланылуда және жаңа оқу жылын бастауға дайын. Сонымен қатар басқарма 1969 жылы салынған ғимаратқа күрделі жөндеу қажет екенін де мойындады.
Мектепте соңғы күрделі жөндеу жұмыстары 2014 жылы жүргізілген. 2025 жылы ғимараттың техникалық жағдайына зерттеу жүргізіліп, қазіргі таңда құны 26,3 млн теңге болатын жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынғаннан кейін күрделі жөндеу жұмыстарын 2027 жылы жүргізу жоспарланған.
Ал 2026 жылы мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2,6 млн теңге қарастырылған.
Сонымен бірге білім басқармасы оқу жылының басталуына қарай мектеп оқушыларды қабылдауға толық дайын екенін атап өтті.
Мектептің нақты жағдайын видеодан тағы бір мәрте көре аласыздар.
Айта кетейік, мектептің жобалық қуаты 703 оқушыға арналған.
Ал қала мектептерінің жағдайына жауапты шенеуніктердің балалары да осындай мектепте оқи ма екен?
Похожие материалы
Топ категории
Жители пригорода требуют отремонтировать дороги
- 21 августа, 2026
Таксистка из Астаны пожаловалась на буйного пассажира
- 17 августа, 2026





