Шымкент қаласындағы Байшағыл көшесінде тротуар опырылып, жер бетінде қауіпті шұңқырлар пайда болған. Жақын маңдағы ғимараттың қабырғасынан да жарықшақ байқалған.
Бұл туралы әлеуметтік желіде қала тұрғыны хабарлап, қауіпті учаскенің бейнежазбасын kritika_shymkent парақшасында жариялаған.
Тұрғынның айтуынша, тротуар мен оның айналасындағы жердің опырылуы жаяу жүргіншілерге қауіп төндіруі мүмкін.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков басқаратын әкімдік тарапынан аталған жағдайға қатысты әзірге ресми түсініктеме берілгені хабарланбады.
Тэги:
Похожие материалы
Топ категории
В Алматы жалуются на состояние недавно уложенного тротуара
- 27 ноября, 2026
В работе BilimClass произошел технический сбой
- 27 ноября, 2026
Жители Семея жалуются на бездорожье в районе Кирпичного поселка
- 26 ноября, 2026
IPO КТЖ могут перенести на 2027 год?
- 25 ноября, 2026





