«Самұрық-Қазына» қоры неге ҚТЖ IPO-сының негізгі параметрлерін ашпай отыр?
Фото: ҚТЖ
Редакция «Қазақстан темір жолының» алдағы IPO-сына қатысты бірқатар мәліметті нақтылау үшін «Самұрық-Қазына» қорына сауал жолдады. Қор ҚТЖ акцияларын 2026 жылы бірден үш биржаға шығару жоспары сақталғанын растады. Алайда инвесторларға ұсынылатын акциялар үлесі, тартылатын қаражат көлемі және компанияның қазіргі қарыз жүктемесі туралы ақпарат берілмеді.
ҚТЖ акцияларын Astana International Exchange, London Stock Exchange және Hong Kong Stock Exchange алаңдарында орналастыру жоспарланып отыр.
Қандай сұрақтар жауапсыз қалды
Бұл ретте қор болашақ IPO-ның бірқатар маңызды параметрін ашпады. Атап айтқанда, редакция мына сұрақтарға жауап ала алмады:
- ҚТЖ акцияларының қандай үлесін инвесторларға ұсыну жоспарланып отыр;
- IPO арқылы қанша қаражат тарту көзделген;
- тартылған қаражаттың қанша бөлігі қарыздарды өтеуге, ал қанша бөлігі инвестициялық жобаларға бағытталады;
- ҚТЖ-ның қазіргі қарыз жүктемесі қандай;
- IPO есебінен нақты қандай инфрақұрылымдық жобалар қаржыландырылады.
Қор тартылған қаражатты қарыз жүктемесін азайтуға және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бағыттау жоспарланып отырғанын ғана хабарлады. Қалған параметрлердің жария етілмеуін қор ақпаратты көпшілікке жария етуге қойылатын талаптармен түсіндірді.
Похожие материалы
Топ категории
Тасмагамбетова и Нигматулина заметили на тое в Алматы
- 12 октября, 2026
Провалился тротуар: житель Шымкента показал опасный участок
- 12 октября, 2026
В Астане на автомобиль упали стройматериалы
- 06 октября, 2026
Незаконное строительство в Алматы взяли под усиленный контроль
- 01 октября, 2026
В Кокшетау жители ЖК не могут добиться строительства обещанной дороги
- 30 сентября, 2026





