Фото: 2гисфото:
Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы Сайран көлін қайта жаңғырту және айналасын абаттандыру жұмыстары толық аяқталғанын мәлімдеді.
Ведомствоның хабарлауынша, көлді суға толтыру мерзімі Экология басқармасының құзыретіне жатады. Барлық кезең аяқталғаннан кейін Сайран аумағында ерекше табиғи аймақ құру жоспарланып отыр. Мұнда 404 Қиыр Шығыс лотосы отырғызылады.
Қала әкімдігінің мәліметінше, жобаның мердігері — «Павлодар өзен порты» компаниясы құрылыс-монтаж жұмыстарын толық көлемде аяқтаған. Қазір көл аумағы «Жасыл Алматы» ұйымының қарауына берілген.
Сондай-ақ атқарылған жұмыстардың барлығы кепілдік мерзімінде болады. Егер қандай да бір ақаулар анықталса, мердігер оларды өз есебінен жөндеуге міндетті.
Сайран қоғамдық демалыс орны ретінде ашық күйінде қалады. Алайда келушілердің нақты саны есептелмейді.
Коммуналдық қызметтер вандализм деректерін де тіркеп отырғанын айтты. Мұндай фактілер бойынша материалдар полицияға жолданып, құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылады.
Похожие материалы
Топ категории
В центре Павлодара мужчина провалился под землю и получил ожог
- 24 августа, 2026
Жители пригорода требуют отремонтировать дороги
- 21 августа, 2026
Таксистка из Астаны пожаловалась на буйного пассажира
- 17 августа, 2026





