Ресейдегі жанармай дүрбелеңі Қазақстандағы азық-түлік бағасына әсер ете ме? – Ауыл шаруашылығы министрлігі
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың айтуынша, министрлік азық-түлік бағасының күрт қымбаттауын болжап отырған жоқ.
Оның сөзінше, қазақстандық диқандарға жыл сайын кепілдендірілген көлемде дизель отыны бөлінеді. Биыл көктемгі егіс жұмыстарына 402 мың тонна дизель қарастырылса, егін орағы науқанына да дәстүрлі түрде шамамен 400 мың тонна жанармай бөлінеді.
Вице-министрдің айтуынша, қазіргі таңда егін жинау жұмыстарының уақытында жүргізілмеуіне қатысты қауіп жоқ. Сондай-ақ, геосаяси жағдайға байланысты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жанар-жағармайсыз қалған жағдайлары бұрын-соңды болмағанын атап өтті.
Сонымен қатар, Азат Сұлтанов журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, 30 маусымнан бастап енгізілген шектеулердің алынуына қарамастан, елімізде қызанақ тапшылығы болмайтынын мәлімдеді.
Похожие материалы
Топ категории
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
- 14 июля, 2026
Air Astana БАӘ бағытындағы рейстерді тоқтатты
- 13 июля, 2026
Air Astana приостановила авиасообщение с ОАЭ
- 13 июля, 2026





