“Отбасы банк” неліктен бассейні мен фитнес-орталығы бар ғимаратты сатып алғанын түсіндірді
Фото : 2 ГИС
Банк Астана қаласындағы Қорғалжын тас жолы, 2а мекенжайында орналасқан бассейні мен жаттығу залы бар ғимаратты сатып алуына қатысты түсініктеме берді.
Аталған нысан 2025 жылдың шілде айында Үкімет құрған «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС-нің активтерін сату аясында сатып алынған. Бассейн мен жаттығу залы ғимараттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Банктің мәліметінше, сатып алу сәтінде ғимараттың бұл бөлігін «Duman Service Management» ЖШС басқарып келген. Бұл – Қайтарылған активтерді басқару компаниясының еншілес ұйымы.
Банк заңнамасына сәйкес, «Отбасы банк» өзіне тиесілі мүлікті жалға беру арқылы кәсіпкерлік қызметпен айналыса алмайды. Сондықтан нысанды пайдалануды сенімгерлік басқарушы жалғастырып отыр.
Бұған дейін «Duman Service Management» ЖШС «Априори» фитнес-орталығымен келісімшарт жасаған. Осы келісімге сәйкес, фитнес-орталық ғимаратта жұмысын жалғастыруда. Ал «Отбасы банк» қызметкерлеріне фитнес-орталыққа баруға 25 пайыздық жеңілдік қарастырылған.
Сондай-ақ банк Алматы қаласындағы Абылай хан даңғылы, 91 мекенжайында орналасқан бұрынғы бас кеңсе ғимаратына қатысты да мәлімет берді. Анықталғандай, бұл нысан «Отбасы банкке» тиесілі емес. Банк ғимаратты Алматы қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен жасалған сенімгерлік басқару шарты негізінде пайдаланып келген. Келісімнің мерзімі 2036 жылдың соңына дейін есептелген.
Қазіргі уақытта «Отбасы банк» аталған ғимаратта клиенттерге қызмет көрсету орталығын ашу мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Тэги:
Похожие материалы
Топ категории
Телеведущая Айгуль Мукей раскритиковала перепотребление
- 06 августа, 2026
Крупный град прошел в Усть-Каменогорске
- 05 августа, 2026
"Әділет" предлагает повысить доходы 1 млн сельских жителей
- 05 августа, 2026
Змеи в затопленных подвалах: жители Кульсары боятся за детей
- 05 августа, 2026
Информационные шатры открыла партия "Әділет" в регионах Казахстана
- 04 августа, 2026





